Кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл қазақстандық спортшылармен кездесті

Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл қазақстандық спортшылармен және жас балуандармен жүздесті.

    Кездесуге қазақ күресінің түйе балуандары мен Казахстан Барысы турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері – Бейбит Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдо құрамасының спортшылары қатысты. 

     Шара барысында жас балуандар қадірменді қонаққа төл күресімізідң әдіс-тәсілдерин көрсетіп, сумо мен қазақ күресінің үндестігін паш етті. Ерсін Балтағұл өз кезегінде сумода жиі қолданатын әдістерін таныстырып, тәжірибесімен бөлісті. 

     Кәсіпқой спорттағы табысымның кілті – еңбек, тәртіп және ұлттық негізден ажырамау. Мен қазақ күресі мен дзюдо мектебінен қалыптастым. Жапондарда «Ондуошин и» деген ұғым бар, яғни залдың рухын сезіну. Мен де кілем мен залдың тынысын сезінуді төл күресіміздің мектебінен үйрендім. Бұған мысал келтиретін бол, мэн сумо белдесулерінде қазақ күресінің «Жамбас» әдісін жиі қолданамын, – деді спортшы. 

     Шара соңында Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас-каталоги Мейіржан Берекетов Ерсін Балтағұлға құрмет көрсетіп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, естелік кәдесый табыстады. 

    Бұл кездесу жас спортшылар үшін үлкен мотивация әрі ұлттық рух пен халықаралық тәжірибенің тоғысқан тағылымды сәті болды.

16:33
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020