Қаулы

Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Мәжілісі депутаттарын, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесулер үшін 

үй-жайларды анықтау туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін Үй-жайлар берілсін.

2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Жезқазған қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлау кезеңінде сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды, баспа үгіт материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" № 33/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жезқазған қаласы әкімі              Қ.Шайжанов

Жезқазған қаласы әкімдігінің

 2026ж. «___»_____________ №__________

қаулысына 1 қосымша

Жезқазған қаласы бойынша сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлардың мекенжайлары

N

Елді мекеннің атауы

Үй-жайлардың мекен-жайлары

Үй-жайдың жалпы ауданы (шаршы метр)

1

Жезқазған қаласы

С. Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театрының көрермендер залы, Желтоқсан көшесі, 2 үй (келісім бойынша)

305,59

2

Жезқазған қаласы

Ұлытау облысы әмбебап кітапханасының акт залы, Есенберлин көшесі, 9А, 3 үй (келісім бойынша)

120

3

Жезқазған қаласы

Қаныш Сәтпаев атындағы № 7 мектеп-лицейінің акт залы, Жәлел көшесі, 12 үй

176,4

4

Жезқазған қаласы

№26 гимназияның акт залы, Абай көшесі, 30 үй

177,8

5

Жезқазған қаласы

Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің акт залы, Жанасов көшесі, 15 үй

171,9

6

Жезқазған қаласы

№133 негізгі орта мектебінің акт залы, Железнодорожная көшесі, 3 үй

159,8

7

Жезқазған қаласы

№13 жалпы білім беру мектебінің акт залы, Гоголь көшесі, 9 үй

178,2

8

Жезқазған қаласы

№4 жалпы білім беру мектебінің акт залы, Алашахан даңғылы, 15 үй

168,7

9

Жезқазған қаласы

№1 жалпы білім беру мектебінің акт залы, Бейбітшілік көшесі, 12

169,2

10

Жезқазған қаласы

№22 жалпы білім беру мектебінің акт залы, С.Сейфуллин көшесі, 46

169,7

11

Жезқазған қаласы

№ 8 гимназияның акт залы, Анарқұлов көшесі, 19 үй

176,8

12

Жезқазған қаласы

№10 жалпы білім беретін мектептің акт залы, Марғұлан көшесі, 50 үй

150,6

13

Жезқазған қаласы

№ 21 жалпы білім беру мектебінің акт залы, Ғарышкерлер бульвары, 52

166,8

14

Жезқазған қаласы

№9 мектеп–интернатының акт залы, Ержанов көшесі, 11 үй

189

15

Кеңгір селосы

Кеңгір ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің акт залы, Школьная көшесі, 2 үй

145

16

Талап селосы

Талап ауылының № 14 жалпы білім беру мектебінің акт залы, Молодежная көшесі, 21 үй

180

17

Малшыбай селосы

№15 негізгі орта мектебінің акт залы, Малшыбай селосы, Алаш көшесі, 4

65,58

18

Теректі станциясы

Теректі станциясы №6 негізгі орта мектебінің акт залы, Алтын Орда көшесі, 23

96

19

Жезқазған қаласы

Бизнес және транспорт колледжінің акт залы, Гоголь көшесі, 5 үй

69,5

20

Қабанбай батыр кенті

№12 жалпы білім беру мектебінің акт залы, Қабанбай батыр кенті, Шамшырақ  көшесі, 24

171,8

21

Жезқазған қаласы

Тау-кен металлургиялық колледжінің акт залы, Абай көшесі, 75

127,5

22

Жезқазған қаласы

Гуманитарлық колледжінің акт залы, Гагарин көшесі, 74

88,2

Жезқазған қаласы әкімдігінің

қаулысына 

2 қосымша

2023ж. «___»_____________

№__________

Орындардың орналасуы

Жезқазған қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін

N

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Жезқазған қаласы

Жәлел көшесі 11, аялдаманың жаны  

Бейбітшілік даңғылы, 30, аялдаманың жаны  

Деев пен Анарқұлов көшелерінің қиылысы, аялдаманың жаны  

Алашахан мен Анарқұлов көшелерінің қиылысы, аялдаманың жаны  

С.Сейфуллин мен Гагарин көшелерінің қиылысы, аялдаманың жаны  

Гагарин мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысы, аялдаманың жаны  

С.Сейфуллин мен Пушкин көшелерінің қиылысы, аялдаманың жаны  

Абай мен Ұлытау көшелерінің қиылысы, аялдаманың жаны    

Некрасов пен Жанасов көшелерінің қиылысы, аялдаманың жаны  

Қаражар көшесі, теміржол вокзалының жаны 

Алашахан мен С.Сейфуллин көшелерінің қиылысы, аялдаманың жаны  

Мұканов көшесі 9, аялдаманың жаны  

Түсіпбеков пен Қазақпаев көшелерінің қиылысы, аялдаманың жаны    

2

Кеңгір селосы

Школьная көшесі 26, әкімшілік ғимараты

3

Малшыбай селосы

Алаш көшесі

4

Талап селосы

3 ықшам ауданы

23:42
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020