UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды

Дубайда әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. 
Бес бәсекелі күн ішінде әлемнің 48 елінен 109 команда іс-әрекеттің шеберлігін, жылдамдығын, тактикалық ойлауын және үйлесімділігін барынша көрсетті. 
Қазақстан құрамасына еліміздің күш құрылымдарынан құралған «Kazakhstan А«, «Kazakhstan B», «Kazakhstan C», «Kazakhstan D» командалары және «Kazakhstan Tomiris» әйелдер командасы қатысты.
Жарыстың бесінші күнінде қатысушылар ең серпінді кезеңдердің бірі — Obstacle Course (кедергілер жолағын) бағындырды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша «Kazakhstan B» командасы І орын иеленді, ал «Kazakhstan A» бесінші орынға жайғасып, үздік бестікке кірді.
Турнирдің басты жаңалығы «Kazakhstan С« командасының тамаша жеңісі болды, ол барлық жарыс күндерінің қорытындысында UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.
Жалпы рейтингте екінші орынды «Kazakhstan А« командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар қорытынды кестеде қазақстандық командалар арасында позициялар келесідей бөлінді:
«Kazakhstan B» — 8 орын;
«Kazakhstan Tomiris» — 18 орын;
«Kazakhstan D» — 20 орын.

Қазақстандық командалардың жеңісі мен жүлделі орындары — отандық арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жоғары жауынгерлік дағдыларының, дене дайындығы мен кәсібилігінің көрсеткіші. UAE SWAT CHALLENGE-2026-да сәтті өнер көрсету Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты және біздің жауынгерлеріміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

12:53
20

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020