Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа ел дамуы жолындағы маңызды бетбұрыс ретінде бағалануда. Ұсынылған өзгерістер Конституцияның 77 бабын қамтып, оның 84 пайызын құрады. Реформаның басты ерекшелігі – ашықтық қағидаты мен қоғамның белсенді қатысуы. Бұл бағытта барлық отырыстар тікелей эфирде көрсетіліп, азаматтардың пікірін ескеруге мүмкіндік берілді.
Жаңартылған Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына басымдық беріліп, қоғамның негізгі құндылықтары айқындалды. Сонымен қатар, билік институттарының тиімділігін арттыруға бағытталған нормалар енгізілді. Бұл өзгерістер Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға негіз болатын жүйелі әрі жауапты қадам ретінде қарастырылуда.
Сарапшылардың пікірінше, қабылданған реформалар елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған және болашаққа берік құқықтық негіз қалыптастырады.