Ұлттық волонтерлік желі конституциялық реформаны қолдап, қазақстандықтарға үндеу жасады

Ұлттық волонтерлік желі Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаны қолдай отырып, ел азаматтарына арнайы үндеу жасады. Волонтерлер бұл реформаны қоғамның сұранысына негізделген, елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталған маңызды қадам ретінде бағалайды.
Үндеуде атап өтілгендей, конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті қоғам қалыптастыру. Волонтерлердің пікірінше, бұл реформалар мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Ұлттық волонтерлік желі егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық және ел бірлігі сияқты негізгі құндылықтардың маңызын ерекше атап өтті. Бұл қағидаттар – Қазақстанның тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақтың игілігі үшін берік негіз екені айтылды.
Сондай-ақ, үндеуде қазақстандықтарды сабырлық пен жауапкершілік танытып, жалған ақпарат пен арандатушылыққа ермеуге шақырды. Ақпараттық кеңістікте саналы ұстаным қалыптастыру, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екені баса айтылды.

Қорытындылай келе, Ұлттық волонтерлік желі барлық қазақстандықтарды ел болашағы үшін маңызды кезеңде бірлік танытып, конституциялық реформаларды қолдауға, Әділетті Қазақстанды бірге құру жолында белсенді азаматтық ұстаным көрсетуге шақырды.

15:46
18

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020