Хабарландыру

Жылу энергиясын беру және бөлу, жылумен жабдықтау, тарату желілері арқылы су беру, тарату желілері арқылы техникалық (ауыз су емес) су беру, кәріз суларын бұру және тазарту қызметтері бойынша 2026–2030 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласының «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ-ның 2026–2030 жылдарға арналған тарифтері мен тарифтік сметаларын қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жезқазған қаласының «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ кәсіпорын бойынша жылу энергиясын беру және бөлу, жылумен жабдықтау, тарату желілері арқылы су беру, тарату желілері арқылы техникалық (ауыз су емес) су беру, кәріз суларын бұру және тазарту қызметтері бойынша 2026–2030 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту жөніндегі қоғамдық тыңдаулар 2025 жылғы 7 қазанда сағат 15:00-де келесі мекенжайда өтеді: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 35-үй, акт залы.

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қоғамдық тыңдауға Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн режимінде де қатыса алады: (https://www.facebook.com/events/1413281332835226) .

Департамент мәслихат депутаттарын, тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, табиғи монополия субъектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың тыңдауға қатысуына шақырады.

Жария тыңдауларға қатысушылар тарифтің және тарифтік сметаның жобасы туралы, сондай-ақ экономикалық негізделген есептеулермен тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты бекітуге «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ табиғи монополия субъектісінен сұрауға құқылы.

Анықтама үшін байланыс телефондары:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті – 8 (7102) 76-02-47.

Жезқазған қ. «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ – 8 (7102) 748705.

12:59
64

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020