Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті «Kazakhmys Energy» ЖШС-нің Жезқазған ЖЭО нысандары бойынша баспасөз турын өткізді.
Баспасөз турына Департамент басшысы, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Аслан Арынов, ЖЭО-ның операциялық директоры (Бас инженер) Ермек Жұмақанов, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Бекзат Дайрабаев, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Нұрдәулет Рахай, БАҚ өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Айта кетсек, «Kazakhmys Energy» ЖШС2022 жылғы 13 желтоқсанда Жезқазған ЖЭО-ның жылу энергиясын өндіру қызметі түрі бойынша ҚР табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің республикалық бөлігіне енгізілді. 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №216-ОД бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік реттеу мен қызметті бақылау функциялары ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне жүктелді.
Баспасөз турына қатысушылар жұмыстардың жоспарға сай істеліп жатқанынан хабардар болды.
Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Бекзат Дайрабайұлы баспасөз турының қорытындысы бойынша өз пікірін білдірді. Депутат аталмыш нысандар бойынша жасалып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын жеткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Дәуір Жүнісбеков баспасөз турының соңында тілшілердің қойған сұрағына жауап берді.