Өңірімізде бейнебақылау жүйесі қарқынды дамуда

Ұлытау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі қарқынды дамуда

Ұлытау облысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи бейнебақылау жүйесі сәтті енгізіліп, кеңейтілуде. Бұл жүйе құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыруға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда облыс бойынша барлығы 3389 бейнекамера орнатылған. Оның ішінде:

    Жезқазған қаласында – 2304 камера,

    Сәтбаев қаласында – 898 камера,

    Ұлытау ауылында – 64 камера,

    Жезді кентінде – 7 камера,

    Қаражал қаласында – 11 камера,

    Жайрем кентінде – 15 камера,

    Қызылжар кентінде – 5 камера,

    Жаңаарқа кентінде – 85 камера орналасқан.

Барлық бейнебақылау құрылғылары Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы жедел басқару орталықтарына, сондай-ақ аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қосылған. Бұл тәулік бойы бақылау жүргізуге, жедел әрекет етуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға жағдай жасап отыр. Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында автоматтандырылған жұмыс орындары да орнатылған.

Сонымен қатар, 187 аналитикалық бейнекамера іске қосылды. Оның ішінде:

    106 аппараттық-бағдарламалық кешен:

        жылдамдықты өлшеу – 34,

        мемлекеттік нөмірді тану – 58,

        жол қиылыстарындағы бұзушылықтарды тіркеу – 8,

        жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі бақылау – 6.

    Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орындарында – 60 бейнебақылау кешені (әр кешенде 1 тұрақты және 1 аналитикалық камера).

    Бет әлпетті тану функциясы бар – 21 камера орнатылды.

Бейнебақылау жүйесі құқықтық тәртіпті нығайтуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдің жалпы қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға үлкен үлес қосуда.

Ұлытау облысының әкімдігі мен құқық қорғау органдары бейнебақылау инфрақұрылымын әрі қарай жетілдіру және кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

10:48
101

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020