​Медиа өкілдеріне арналған байқау жариялаймыз!

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 2025 жылғы 1 тамыздан бастап жұмысшы мамандықтар жылына арналған байқауға өтінімдер қабылдауды бастады.

Байқаудың басты мақсаты – адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтарды таныту, жұмысшы мамандық иелері мен олардың қызметін танымал ету, еңбекқорлық, адалдық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу.

Байқауға журналистер, блогерлер, контент-мейкерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлері, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар мына номинациялар бойынша қатыса алады:

   Үздік бейнеролик (Еңбек адамының портреті)

   Үздік телесюжет (Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілету)

   Үздік фоторепортаж (Шебердің бір күні)

   Үздік радио сұхбат (Еңбек адамымен сұхбат)

   Үздік публицистикалық мақала (Еңбек династиясының жетістік тарихы).

Әрбір номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады.

Өтінім 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін www.mdq.kz сайтында қабылданады

Байланыс телефоны: +7 775 807 38 93, +7 705 561 18 05

Әлеуметтік желілер: @media.damytu.qory

18:35
174

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020