Ауыл шаруашылығы санағы

Бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында Ұлытау облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Сания Жаримбетованың өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Талқылаудың басты тақырыбы екі кезеңде өткізілетін алдағы ауылшаруашылық санағы болды.

Қазақстандағы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтеді. Бұл ауқымды статистикалық байқау Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Үкіметтің шешімі бойынша жүргізіледі. Ол онлайн және офлайн бөліктен тұрады. Онлайн санақ sanaq.gov.kz сайтында 1-31 тамыз аралығында өтеді. Барлық заңды тұлғалар, фермерлер мен шаруа қожалықтары сауалнамадан өз бетінше өтуі керек. Сондай-ақ үй шаруашылықтары да сауалнамаға онлайн қатыса алады. Офлайн санақ 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді. Интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарын аралап шығады.

Кездесу соңында Сания Жарымбетова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін халық санағына қатысудың маңыздылығы туралы белсенді түрде хабардар етуге шақырды, жиналған деректердің толықтығы мен дұрыстығы елдің агроөнеркәсіптік кешенін стратегиялық жоспарлауға және дамытуға тікелей әсер ететінін атап өтті.

01:59
208

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020