Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметтік жағынан қорғалуы

    Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қорғауы мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. 

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау — оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады. 

Мүгедектер қандай жеңілдіктер мен жәрдемақылармен пайдалана алады?

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы:

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоршаған ортаға бейімдеу үшін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар ұсынылады. Осы мақсаттар үшін мүгедекке оңалтудың жеке бағдарламасы жазылады. Оңалтудың жеке бағдарламасы дегеніміз мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған іс-шаралар кешенi. Мүгедектердi оңалтудың бағдарламасы медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысы негiзiнде айқындалады және соған сәйкес жүзеге асырылады. Жеке оңалту бағдарламасының барлық іс-шаралары аурудың түріне, медициналық көрсеткіштер бойынша шығарылады. 

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама алу үшін, мүгедектің тіркеуде тұрған ОДА хабарласуы қажет.

Оңалту іс-шаралары келесіні қамтиды:

– санаторлы-курорттық және протездік-ортопедиялық көмектер;

– көзі көрмейтін және нашар көретіндерге – тифлотехникалық құралдар: тифлотаяқтар, тифломагнитолалар, Брайль жүйесі бойынша жазу құралы, диктофон, плейер, оқу машинасы, компьютерлік тифлокешен, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар беріледі. Толық немесе ішінара есту қабілетін жоғалтқан мүгедектерге сурдотехникалық құралдар: ұялы телефон, сигнал жүйелері, сағат, телефакс, компьютер және есту аппараттары беріледі сонымен қатара есту бойынша мүгедектігі бар балалар кохлеарлық импланттармен қамтамасыз етіледі.

– 1-ші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға кресло-арбалар беріледі. Серуендеу кресло-арбалары 4 жылға, – бөлмелі кресло-арбалар — 7 жылға беріледі;

– гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектерге, жөргектер (1460 дана. бір жылға), несеп қабылдағыштар және нәжіс қабылдағыштар (365 дана. бір жылға), сіңіргіш жаймалар (жаялықтар), катетер, стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик, қорғаныш крем, сіңіргіш ұнтақ (опа), иісті бейтараптандырғыш, теріні тазартқыш, санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық, дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар, жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар беріледі.

Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуға кіретіндер:

– басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету.

– жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге – жеке көмекшi.

– есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметі.

Мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар), әлеуметтiк көмекті үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi), денсаулық сақтау ұйымдары және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

Қолыңда жеке оңалту бағдарламасы болған жағдайда, мүгедектер тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласуы керек.

Мүгедектігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерінде оқытуға мүмкіндігі болмаған кезде, оқыту үйде жүргізіледі. Оқытуға арналған шығындарды өтеу үшін тоқсан сайын әлеуметтік көмек төленеді. 

Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды, техникалық және көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Егер жұмыс беруші қызметін тоқтатқанда, жеке кәсіпкер немесе кәсіпорын таратылған жағдайда, кезінде жазатайым оқиға туралы актінің және кәсіпорынның жою немесе жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы құжатты бойынша жоғарыда аталған заттарды мемлекеттік қаражат есебінен ала алады.

Еңбек қатынастары саласындағы мүгедектердің құқықтары:

Егер мүгедектің еңбек етуге денсаулығының мүмкіндігі бар болса, еңбек ету жарамдылығы туралы мүгедектігі бар адамға медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша жеке оңалту бағдарламасының  кәсіптік бөлігі беріледі.

– 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының қысқартылғаны және ұзақтығы – аптасына 36 сағаттан артық болмауы керек. Еңбек демалыстын мөлшерінен 15 күнге дейін қосымша еңбек демалысы ұсынылады.

– Түнгі жұмыс мүгедектің келісімімен ғана беріледі.

Қалалық көліктерде жол жүру:

1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар  адамдарға, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға,  зейнеткерлерге, таксиден басқа қала бойынша маршруттарында тегін жол жүру билеттері беріледі. 

Жүрiп-тұруы қиын қоларбада отыратын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін қала шегінде «Инватакси» қызметтері ұсынылады.

Сіздерді қызықтырған сұрақтар бойынша Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі немесе 8 (7102) 767660, 765670, 762945 телефондар арқылы кеңес алуға болады.

Жезқазған қаласының жұмыспен қамту 

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 

сектор меңгерушісі 

Л.Қызбалаева

11:09
244

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020