Дайындық барысын тексерді

Энергетика вице-министрі «Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салуға дайындық барысын тексерді

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жоспарланған учаскеге жұмыс сапарымен барды. Сапар мақсаты — энергетика саласындағы еліміздің ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі бойынша құрылыс кезеңіне дайындық барысын бақылау.

Сапар барысында вице-министр құрылыс-монтаж жұмыстарының кезеңдерімен танысып, мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Сондай-ақ, олармен логистика, техникамен қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдармен үйлестіру мәселелерін талқылады. Ерекше назар жұмыс кестесінің сақталуына, құрылыс сапасына және нысандардың техникалық дайындығына аударылды.

«“Бейнеу-Бозой-Шымкент” газ құбырының екінші желісін іске асыру — еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие және отын-энергетика кешенінің орнықты дамуы саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты», — деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.

Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Нәтижесінде газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін артады. Бұл еліміздің оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлерін тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жоба Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметі арасындағы келісім аясында катарлық инвестормен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Катарлық инвесторға Қазақстан тарапынан және QazaqGaz компаниясы арқылы жобаны сәтті іске асыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Вице-министр энергетики проинспектировал ход подготовки строительства второй нитки газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент»

На участке будущего строительства второй нитки магистрального газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент» состоялась инспекционная поездка Вице-министра энергетики Республики Казахстан Алибека Жамауова. Цель визита — контроль хода подготовки к началу активной строительной фазы одного из крупнейших инфраструктурных проектов страны в энергетической сфере.

В ходе поездки Вице-министр ознакомился с этапами строительно-монтажных работ, провёл рабочее совещание с представителями подрядных организаций, а также обсудил с ними ключевые вопросы логистики, задействования техники и координации с местными исполнительными органами. Особое внимание было уделено соблюдению сроков, качеству выполнения работ и технической готовности объектов.

«Реализация второй нитки газопровода “Бейнеу-Бозой-Шымкент” имеет стратегическое значение для энергетической безопасности страны и является одним из приоритетов государственной политики в сфере устойчивого развития топливно-энергетического комплекса», — подчеркнул вице-министр энергетики РК Алибек Жамауов.

Проект будет реализован в два этапа и позволит увеличить мощность газопровода до 15 млрд м³ в год, обеспечив устойчивое газоснабжение южных, центральных и северных регионов страны.

Напомним, реализацию проекта планируется осуществить совместно с катарским инвестором в рамках соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Катара. Катарскому инвестору со стороны Казахстана и QazaqGaz предоставлены все условия для успешной реализации проекта.

15:47
36

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020