​Қаражал қаласында «Жас Ұлан – 2025» қалалық әскери-патриоттық сайысы өтті

   Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай Қаражал қаласында жастар арасында «Жас Ұлан – 2025» атты қалалық әскери-патриоттық сайыс өтті. Іс-шараға мектептер мен колледждердің командалары қатысып, өздерінің күш-жігері мен патриоттық рухын көрсетті.

Сайыс барысында қатысушылар саптық дайындық, АК-74 автоматын жинау мен бөлшектеу, пневматикалық мылтықпен ату сияқты әскери жаттығуларда бақ сынасты.

Қазылар алқасының құрамында:

 Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Кулумбетов Досбол Бүркітұлы

Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, подполковник Макажанов Арман Рысқалиұлы

— Қаражал қалалық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Жақаев Алмаз Жомартұлы

Сайыс нәтижелері бойынша:

1 орын — №3 жалпы білім беретін мектеп  

2 орын — №1 жалпы білім беретін мектеп  

3 орын — №7 жалпы білім беретін мектеп

Арнайы номинациялар бойынша:

— Үздік АК-74 жинаушы-бөлшектеуші

— Үздік мерген

— Үздік командир

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық тәрбиесін нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

10:54
45

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020