Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы – тек тарихи дата емес

2025 жылы адамзат тарихындағы ең қасіретті оқиғалардың бірі – Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл тек уақыттың өлшемі ғана емес, бұл – жауынгер ерлігін, тылдағы халықтың төзімділігін, бейбіт өмір үшін құрбан болған миллиондаған адамның рухын еске алу сәті.

1941 жылы 22 маусымда басталған соғыс Кеңес Одағы халықтарына ауыр сын әкелді. Фашизмге қарсы күресте Қазақстан халқы да ерекше ерлік көрсетті. 1 миллионнан астам қазақстандық майданға аттанса, олардың тең жартысы елге оралмады. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды ержүрек ұл-қыздарымыздың есімі бүгінгі ұрпаққа үлгі.

Соғыс жылдарында тек майданда ғана емес, тылда да ерлік жасалды. Қазақ халқы аштық пен жоқшылыққа қарамастан, майданға азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақ жөнелтті. Әйелдер мен балалар егіс даласында, зауытта еңбек етіп, жеңіс жолын жақындатты.

Бүгін біз бейбіт өмір сүріп отырсақ, ол – сол батырлардың арқасы. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы – тек тарихи дата емес, бұл – өткенге тағзым, болашаққа аманат. Енді соғыссыз әлем құру – баршамыздың міндетіміз.

Гүлнұр Берікова.

10:51
116

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020