2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы жылы» деп аталды. Бұл бастама – ел экономикасын алға сүйреп жүрген еңбек адамдарын дәріптеудің, олардың мәртебесін көтерудің маңызды қадамы. Елбасы мен Үкіметтің бұл шешімі – қарапайым жұмысшының қоғамдағы рөлін, маңызын айқын көрсетеді.
Жұмысшы – елдің тірегі, мемлекеттің болашағы. Құрылыстағы дәнекерлеуші де, зауыттағы токарь да, ауыл шаруашылығындағы механизатор да – барлығы еліміздің экономикасына үлес қосып жүрген азаматтар. Олардың маңдай терімен салынған үйлер, жолдар, өндіріс орындары – тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған нақты еңбек.
2025 жылдың Жұмысшы жылы деп жариялануы – жастарды кәсіптік-техникалық білім алуға ынталандырады. Қазіргі таңда қоғамда тек жоғары оқу орнын бітіру ғана емес, нақты кәсіпті меңгеру, еңбек нарығында сұранысқа ие болу – басты құндылыққа айналуда. Бұл – еліміздің өндірісін жаңғыртып, технологиялық дамуға жол ашатын маңызды қадам.
Жұмысшы мамандықтарының беделі мен маңызын арттыру үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілуде: дуальді оқыту жүйесі енгізілуде, заманауи колледждер жабдықталуда, жас мамандарға арналған бағдарламалар іске асырылуда. Мұның барлығы – еңбек адамының қоғамдағы орнын күшейтудің нақты дәлелі.
Қорытындылай келе, 2025 жылдың Жұмысшы жылы деп жариялануы – Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі. Бұл – еңбекке құрметтің, кәсіби шеберлікке баулудың, адал еңбекті бағалаудың жылы. Еңбекпен өркендеген елдің болашағы жарқын болмақ.
Сәуле Рашидова.