​Еуропалық иммундау апталығы – 2025

2025 жылғы 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл Еуропа өңірінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Еуропалық иммундау апталығы өтеді.

Бұл апталықтың басты мақсаты – халық арасында вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру, жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарын насихаттау және екпе жұмыстары туралы дұрыс әрі дәл ақпарат тарату.

 Иммундау – бұл адамзатты өлімге әкелетін көптеген жұқпалы аурулардан қорғаудың тиімді және қауіпсіз жолы. Шешек сияқты ауру толығымен жойылып, қызылша, көкжөтел, полиомиелит сияқты індеттер айтарлықтай азайды.

 Қазақстанда иммундау жұмыстары Ұлттық егу күнтізбесі бойынша тегін жүргізіледі. Балалар мен ересектер түрлі инфекциялардан қорғалады. Бұл — ұлт саулығын сақтау мен ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңызды тетігі.

Өкінішке орай, соңғы жылдары вакцинаға қатысты жалған ақпараттар мен қауесеттердің таралуы екпеден бас тарту жағдайларын көбейтті. Бұл бұрынғыдай қауіпті аурулардың қайта таралу қаупін тудырып отыр.

 Биылғы апталықтың ұраны: «Баршаға арналған иммундау – бұл адамзаттың өз қолында». Бұл әрбір адамның, әсіресе балалардың, қауіпсіз болашағы үшін уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығын еске салады.

 Бүгінгі таңда Қазақстанда 11 жұқпалы ауруға қарсы жоспарлы екпе енгізілген. Сонымен қатар эпидемиялық жағдайға байланысты қосымша екпелер (грипп, құтыру, сібір жарасы және т.б.) де тегін түрде жүргізіледі.

2024 жылдан бастап елімізде 11 жастан асқан қыз балаларға арналған HPV (жатыр мойны обырына қарсы) екпе салу басталды. Бұл – қауіпті дерттің алдын алудағы ғылыми негізделген және тиімді шара.

Баршаңызды Еуропалық иммундау апталығына белсене қатысуға шақырамыз! Вакцина — тек өзіңіздің емес, айналаңыздағы адамдардың да саулығын қорғау жолындағы азаматтық жауапкершілік.

...

С 27 апреля по 3 мая 2025 года в Казахстане и других странах Европейского региона пройдет Европейская неделя иммунизации, инициированная Всемирной организацией здравоохранения (ВОЗ).

 Цель недели — напомнить о значимости вакцинации как самого эффективного метода профилактики опасных инфекционных заболеваний.

Благодаря массовой иммунизации удалось остановить распространение таких болезней, как оспа, корь, коклюш, полиомиелит.

 В Казахстане вакцинация проводится бесплатно в рамках Национального календаря прививок. Прививки защищают как детей, так и взрослых, формируя коллективный иммунитет и снижая уровень смертности.

Однако в последние годы наблюдается рост отказов от прививок на фоне распространения фейковой информации. Это повышает риск вспышек давно забытых инфекций.

 Девиз Европейской недели иммунизации – «Иммунизация для всех – в человеческих силах» – подчеркивает ответственность каждого за здоровье общества через своевременную вакцинацию.

 В нашей стране проводятся плановые и экстренные прививки против 11 инфекций, включая грипп, бешенство, менингит и др.

С 2024 года в Казахстане проводится вакцинация девочек от ВПЧ (вируса папилломы человека), что существенно снижает риск рака шейки матки и других предраковых состояний.

Примите активное участие в Европейской неделе иммунизации! Прививка — это защита не только себя, но и окружающих.

20:13
88

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020