Өткізілген күні / Дата проведения: 25 сәуір 2025 жыл / 25 апреля 2025 года
Өткізілген орны / Место проведения: Ұлытау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңы / Площадка Региональной службы коммуникаций Улытауской области
Спикер / Спикер: Әбіл Оразов / Абиль Уразов — Ұлытау облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник / заместитель начальника ДЧС области Ұлытау, полковник
Бүгін Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Әбіл Оразов алдағы шомылу маусымына дайындық барысы туралы баяндады.
Ұлытау облысында шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Әрбір жыл сайын шомылу маусымы барысында түрлі қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті кешенді шаралар қабылдайды. 2024 жылы облыс аумағында суға бату салдарынан 8 адам қаза болған, оның ішінде 2-еуі бала. Бұл статистика судағы қауіпсіздікті арттыру қажеттілігін айқын көрсетеді.
Полковник Әбіл Оразовтың айтуынша, шомылу маусымына дайындық жұмыстарының негізгі бағыттары мыналар:
Рейдтік іс-шаралар: ТЖД су айдындарында 30-дан астам рейд өткізуге дайындық үстінде. Мұнда суға түсуге рұқсат етілген орындар мен қауіпті аймақтар тексеріледі.
Қауіпсіздік белгілері мен ескерту тақтайшалары: Шомылу орындарында қажетті қауіпсіздік белгілері мен ескерту тақтайшалары орнатылып, халыққа судағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беріледі.
Су айдындарын тексеру: Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шомылуға рұқсат етілген орындарды тексеру, жағажайларды жағалау судың сапасы мен тереңдігін, мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.
Жедел көмек көрсету шаралары: Шомылу орындарында құтқарушылар мен медициналық қызметтер тәулік бойы кезекшілікке түседі. Апаттар орын алған жағдайда жедел көмек көрсету шаралары мен эвакуация процедуралары әзірленген.
Балаларды қауіпсіздікте сақтау бойынша ерекше шаралар қолға алынған. Әбіл Оразов ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырып, оларды арнайы жабдықталған, қауіпсіз аймақтарда шомылуға көндіруге кеңес берді.
Мас күйінде суға түсуге тыйым салу да маңызды мәселелердің бірі. Полковник осы мәселеге назар аударып, судағы жазатайым оқиғалар көбінесе мас күйінде шомылу мен ережелерді сақтамаудан туындайтынын атап өтті. Осыған байланысты, полиция мен ТЖД арнайы рейдтер жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті.
Қауіпсіздік ережелеріне ерекше көңіл бөлінетін болады:
Мас күйінде суға түсуге болмайды.
Балаларды қараусыз қалдырмау қажет.
Тек рұқсат етілген, қауіпсіз аймақтарда шомылу керек.
Шомылу орындарында құтқарушылар мен медициналық қызметкерлердің болуына назар аудару маңызды.
**Әбіл Оразов шомылу маусымы кезінде су айдындарына жауапты тұлғалар мен құтқарушылардың тәулік бойы жұмыс істейтінін, және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралардың қабылданғанын атап өтті. Бұл жұмыс тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Сегодня на площадке Региональной службы коммуникаций области Ұлытау прошла пресс-конференция с участием заместителя начальника ДЧС области, полковника Абиля Уразова, на тему подготовки к купальному сезону.
Купальный сезон в регионе традиционно начинается 1 июня и длится до 31 августа. В этот период Төтенше жағдайлар департамент (ДЧС) проводит ряд мероприятий для предотвращения трагедий на воде и обеспечения безопасности граждан.
Статистика по прошлому году: в 2024 году в области на воде погибло 8 человек, в том числе 2 ребенка. В целях предотвращения подобных трагедий в текущем году планируются следующие меры:
Рейды на водоемах: Более 30 рейдов на водоемах, в рамках которых будут проверяться разрешенные места для купания, а также выявляться опасные участки.
Обозначение безопасных мест: В местах купания устанавливаются предупредительные знаки и таблички, которые информируют граждан о возможных опасностях.
Проверка водоемов: Совместно с местными властями проводится работа по проверке качества воды и оборудования официальных мест для купания.
Круглосуточные дежурства: На пляжах будут работать спасатели и медицинские службы для быстрого реагирования на любые происшествия.
Особое внимание уделяется безопасности детей. Полковник Абиль Уразов подчеркнул важность не оставлять детей без присмотра, а также рекомендовал родителям отправлять детей только в безопасные зоны для купания.
Ключевыми вопросами являются:
Запрещается купание в нетрезвом виде.
Необходимо следить за детьми и не оставлять их без присмотра
Штрафы и санкции для тех, кто нарушает правила безопасности на воде.
Все эти меры направлены на обеспечение безопасности граждан и предотвращение несчастных случаев. Полковник Абиль Уразов заверил, что ТЖД и местные власти приложат все усилия для того, чтобы летний период прошел безопасно.