Алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу шаралары

  «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында Ұлытау облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Айжан Жұмажанованың қатысуымен алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу шаралары туралы баспасөз конференциясы өтті.

Спикердің айтуынша, 2024 жылы өңірде 200-ден астам алаяқтық дерегі тіркелген, оның ішінде интернет және телефон арқылы жасалатын кибералаяқтық үлесі 40%-дан асады. Бұл құқықбұзушылықтардың кең таралуына байланысты полиция қызметкерлері жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заманауи технологияларды пайдалана отырып, қылмыстың алдын алуға күш салуда.

Бүгінде полиция:

 халықпен тікелей кездесулер өткізіп, алаяқтықтың түрлері мен белгілері туралы түсіндіруде;

 байланыс операторлары және қаржы ұйымдарымен бірлесіп, күдікті операцияларды автоматты түрде анықтау жүйелерін енгізуде;

 учаскелік инспекторлар арқылы алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, қоғам тарапынан ақпараттандыру мен азаматтардың белсенділігі аса маңызды. Полиция азаматтарды бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болуға, ешкімге жеке деректерін бермеуге және күмән тудырған жағдайда «102» нөміріне хабарлауға шақырады.

 ..

на площадке Региональной службы коммуникаций Улытауской области состоялась пресс-конференция с участием следователя Следственного управления Департамента полиции области, старшего лейтенанта полиции Айжан Жумажановой на тему мер по предупреждению мошенничества, в том числе киберпреступлений.

По словам спикера, в 2024 году в регионе зарегистрировано более 200 фактов мошенничества, из которых более 40% составляют интернет- и телефонное мошенничество. В связи с ростом подобных преступлений, сотрудники полиции принимают комплексные меры, включая профилактику, техническое сотрудничество и активную информационную работу с населением.

Полиция:

проводит разъяснительные встречи с жителями по схемам действий мошенников;

совместно с операторами связи и банками внедряет системы автоматического выявления подозрительных операций;

осуществляет профилактику на местах через участковых инспекторов.

Также была подчеркнута важность участия самих граждан. Полиция призывает жителей проявлять бдительность при звонках с незнакомых номеров, не разглашать персональные данные и при подозрениях немедленно обращаться по номеру «102».

19:47
77

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020