Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл – барша адамзат үшін тарихи мәні зор оқиға. 1941-1945 жылдары өткен соғыс – халқымыздың басына түскен ең ауыр сынақтардың бірі еді. Қан майданда ерлік көрсеткен батырларымыздың, тылда аянбай еңбек еткен ата-әжелеріміздің ерлігі мен еңбегі ұмытылмақ емес. Соғыс жылдары Қазақстан да үлкен үлес қосты. Майданға 1 миллионнан астам қазақстандық аттанды, олардың көпшілігі қайтып оралған жоқ. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы сияқты ержүрек қаһармандарымыздың аты тарихта алтын әріптермен жазылды. Қазақстан даласы тек жауынгерлермен ғана емес, азық-түлікпен, киіммен, қару-жарақпен де майданды қамтамасыз етті. 80 жыл – бір адамның ғұмырымен салыстырғанда ұзақ уақыт. Бірақ тарих үшін бұл – бір сәт қана. Біз үшін ең бастысы – сол сұрапыл күндерді естен шығармай, бейбіт өмірдің қадірін білу. Батырларымыздың ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің табандылығы – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету, олардың жүріп өткен даңқты жолын құрметтеу. Біз бақытты өмір сүріп жатқанымыз үшін соларға қарыздармыз. Сондықтан әрдайым бейбітшілікті бағалай білуіміз керек.
Гүлнұр Берікова.