Ұлытау облысында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” өтті!

2025 жылғы 26 сәуірде Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды экологиялық шара — “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” ұйымдастырылды.

Іс-шараны Ұлытау облысының Дін істері басқармасы өткізіп, оған облыстағы барлық діни бірлестіктердің басшылары қатысты. Бұл — діндер арасындағы рухани бірлікті табиғатқа қамқорлықпен ұштастырған ерекше бастама болды. 

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова шараға қатысып, жиналған жұртшылыққа өз лебізін білдірді:

«Бүгін отырғызылған әрбір тал — ұрпаққа аманат. Бұл тек көгалдандыру ғана емес, табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Ағашты егу — игі іс, ал оны күтіп, сақтай білу — ортақ жауапкершілік», — деп атап өтті.

 Акция барысында ондаған ағаш көшеттері отырғызылып, Жезқазған қаласының жасыл желегіне жаңа тыныс берілді.

Бұл шара — табиғатты аялауға, экологиялық жауапкершілікке және рухани келісімге үндейтін жарқын үлгі болды.

Жасыл келешек үшін бүгіннен әрекет етейік!

#TazaChallenge #ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan #ЖасылМұра #ҰрпақСабақтастығы

16:01
155

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020